
«Ақтөбе» ФК Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті
Бүгін «Ақтөбе» ФК өз алаңында Кутаисиден келген қарсыластарын қабылдады. УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде командаға қолдау білдіру үшін облыс әкімі Ералы Тоғжанов ойынға келді.
Жауапты ойын алдында 1500 ақтөбелік жанкүйер Әбілқайыр хан даңғылымен шеруде жүріп өтті. «13 сектор» файерлер жағып, команданың туын көкке көтерді.
Бірінші таймда «Ақтөбе» ФК тәрбиеленушісі Максим Самородов қарсыластардың қақпасына гол соқты. Көп ұзамай Грузия командасы есепті теңестірді. Содан кейін қонақтар алаң иелерінің қақпасына тағы бір доп салды.
Матч 1:2 есебімен аяқталды. Осылайша «Ақтөбе» Кутаисидің «Торпедосын» қайта жеңе алған жоқ, дегенмен Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті.
Екі кездесудің қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 5:3 есебімен жеңіске жетті, бұл клубқа Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.
Команда ЦСКА София (Болгария)/«Сепси» (Румыния) жұптарының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, 13600 орынға арналған Орталық стадион көрермендерге толы болды.
Стадионға кіре алмаған жанкүйерлерге Ақтөбе қаласының Орталық саябағында 5х8 метрлік экран орнатылып, тартысты ойыннан тікелей трансляция ұйымдастырылды.