
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Әйтеке би ауданының әкімі болып Даулетияр Тоғызбаев тағайындалды.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Даулетияр Тоғызбаевты аудан активіне таныстырып, жаңа басшылық әлеуметтік-экономикалық даму және тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша қойылған міндеттерді сапалы орындауға баса назар аударуы қажет екенін атап өтті.
Тоғызбаев Даулетияр Қанатұлы 1989 жылы туған, білімі жоғары: 2010 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
2012-2015 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
