Ералы Тоғжанов Eni Plenitude өкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Ералы Тоғжанов Eni Plenitude өкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Eni Plenitude итальяндық энергетикалық компаниясының Бас директоры Стефано Гобертимен кездесу өткізді.

Тараптар өңірдегі өндірістік және әлеуметтік салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен өндірісті, газ бен электр энергиясын өткізуді, энергетикалық қызметтерді біріктірген Plenitude (Eni) энергетикалық компаниясы Arm Wind еншілес компаниясымен ұсынылған. Arm Wind Ақтөбе облысында жалпы қуаттылығя 96 МВт құрайтын Бадамша-1 және Бадамша-2 сияқты екі жел электр станциясын салған және пайдалануды жүзеге асырып отыр.

«Бадамша-1» ЖЭС 2020 жылы наурызда, «Бадамша-2» ЖЭС 2022 жылы наурызда өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

«Бадамша-2» ЖЭС - жел турбиналары көлемі бойынша (ротор диаметрі 158 метр, хаб биіктігі 101 метр), сондай-ақ қуаттылығы бойынша (әрқайсысы 4,8 МВт) Қазақстанда орнатылған ең ірі станция. Олар жыл сайын 200 ГВт/сағ дейін электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді деп жоспарлануда, бұл шамамен 37 000 үй шаруашылығының энергия тұтынуына тең.

Ералы Тоғжанов өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, осы бағыттағы барлық жобаларды жан-жақты қолдауға әзір екенін атап өтті.