
Қобда ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов бөгеттер құрылысының барысымен танысты.
Өңір басшысы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасына арнап салынған жаңа үйлерді аралап көрді.
Сондай-ақ, облыс басшысы барған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айында аяқталады.
Қобда ауылының айналасында қорғаныс бөгеттерін салу бойынша жұмыстардың барысымен танысып, облыс әкімі уәкілетті мемлекеттік органдарға жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Жалпы ұзындығы 7,7 шақырымнан асатын үш бөгет көктемгі су тасқыны кезінде су ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді, бұл елді мекенді су тасқынынан сақтайды.
«Біздің міндетіміз - су тасқынының қайталануына жол бермеу, ол үшін біз барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жұмыстар барлық технологияларды сақтай отырып, сапалы орындалуы тиіс», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов мердігерлермен әңгімелесу барысында.
Аудан орталығында «Ассана Дорстрой» ЖШС қуаттылығы тәулігіне 160 тонна болатын асфальтбетон зауыты жұмыс істейді.
Өндіріс қысқа мерзімде «Самара-Шымкент» автожолын 590-613 шақырым учаскеде ұзындығы 23 км болатын Қобда ауылынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін орташа жөндеу, сондай-ақ Ойыл - Қаратал жолын жөндеу бойынша жобаларды іске асыруды аяқтауға мүмкіндік береді.
Ералы Тоғжанов жол құрылысшыларына жолдарды жөндеу және салу жобаларын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету қажеттігін алға тартты.