Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданына барды

Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданына барды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары «Ауыл аманаты» аясындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысудан басталды.

Әлия ауылының тұрғыны Нұржауған Төлеубаева 8,6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Қаражат 10 гектарға қияр, қызанақ, баялды, тәтті бұрыш, қырыққабат және сәбіз егуге жұмсалған. Осы жобаны іске асырудың арқасында төрт адам жұмыспен қамтылыпты.  Бұл ретте Нұржауған Төлеубаева егіс алқабын кеңейтіп, бақша өнімдерінің түрін көбейту үшін қарыз сомасын ұлғайтуға ниетті.

Көкөністер облыстың ірі сауда желілерінің біріне жеткізіледі деген жоспар бар. Оның есептеуі бойынша, ол биыл егіннің бір бөлігін ғана сату арқылы алғашқы қарызын өтей алады.

Талдысай ауылының тұрғындары Жанна Қожаниязова мен Айнагүл Аманшиева құс шаруашылығымен айналысуды қолға алған. «Ауыл аманаты» жобасы аясында сатып алынған тауықтар мен қаздарды өсіруде.  Жоспарларында - құс басын одан әрі ұлғайту, ет өңдеуді жолға қою.

Облыс әкімі әйелдерге белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғысын білдіріп, істі одан әрі дамытуда табыс тіледі және осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар тарапынан оларға барлық қажетті қолдау көрсетілетініне сендірді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Азамат Әмірғалиевтің жылыжайы мен ет өңдеу цехының жұмысымен танысты. 

Қобда ауылының тұрғыны «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы арқылы гранттық қаражатқа ие болып, отбасылық бизнесін дамытуда. Бүгінде ол аудан орталығының тұрғындарын жүзімнің екі түрі, қияр, қызанақ, жапырақ салаты, ет өнімдері және сүт-қышқыл өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, биогумус өндірісі жолға қойылған.