
Мұқанбетқали Есенғалиев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мұқанбетқали Есжанұлы Есенғалиев1987 жылы дүниеге келген, екі жоғары білімі бар: 2008 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «құқықтану» мамандықтарын тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Әр жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.