Ақтөбеде Елек өзені арқылы өтетін көпірден «Ақтөбе – Орск» автожолына (Ақжар тас жолы) дейінгі жолды қайта жаңарту жалғасуда

Ақтөбеде Елек өзені арқылы өтетін көпірден «Ақтөбе – Орск» автожолына (Ақжар тас жолы) дейінгі жолды қайта жаңарту жалғасуда

Ақтөбе қаласын аралау кезінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс барысын бағамдады.

«Агрофирма Көквест» ЖШС мердігерлік ұйымы ұзындығы 9,2 шақырым учаскені жөндеп жатыр.

Жол 4 жолаққа дейін кеңейтіледі.

Бүгінгі таңда жол учаскесінде 4,7-ден 5,6 шақырымға дейін асфальт төсемінің бірінші қабаты төселуде. Содан кейін жолшылар 1,5 шақырыма жолдың негізін дайындауға кіріседі.

Ералы Тоғжанов мердігерге жолды қайта жаңартуды уақытында аяқтауды тапсырды.