
Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының мәліметіне сәйкес, облыс аумағында шегірткенің екі түрі таралған: итальяндық прус және азиялық шегіртке.
Итальяндық прус Әйтеке би, Ырғыз, Ойыл, Хромтау, Темір, Шалқар аудандарының, азиялық түрі Ырғыз ауданында мекендеп отыр.
622 544 гектар жердің 597 624 гектарында итальяндық прустан тазарту жұмыстары аяқталса, 21500 гектар жердің 20 900 гектары азиялық шегірткеден өңделді.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, шегірткелерді химиялық өңдеу жалғасуда, бүгінгі күні дақылдарға төніп тұрған қауіп жоқ. Егіс алқабына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.
Фитосанитарлық жағдай - қатаң бақылауда.