Ералы Тоғжанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Ералы Тоғжанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазбек Әлішев, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Асқар Садықов, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалымжан Елеуов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысын аралауда.

Сапар аясында мәжілісмендер Президенттің халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын бағамдады, жылу электр орталығына барды, Aqtobe su-energy group кәсіпорнының жылумен жабдықтау нысандарын және бірқатар аудандарды аралады, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы барысымен танысты, ауыл тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ «Amanat» партиясының өңірлік филиалында азаматтарды қабылдады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесу барысында депутаттардың жұмыс сапарының жоспарлары айтылып, өңірді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы барлық жобалар мен бастамаларға қолдау көрсетілетінін алға тартты.