Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Құсайын Сәрсембай Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Құсайын Сәрсембай 1961 жылы қараша айында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша, Қазақ-орыс халықаралық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Тоғыз»  совхозының ветеринар дәрігері болып бастаған.

1989 – 2001 жж. - №1, 3 мал шаруашылығы фермасының бухгалтері, Шалқар ауданы Тоғыз ауылының «Тоғыз» совхозы бас бухгалтерінің орынбасары, Шалқар қаласындағы «Қасым» шаруа қожалығының мал шаруашылығы маманы;

2001 - 2010 жж. - Шалқар ауданының Тоғыз ауылдық округінің, Кішіқұм ауылдық округінің әкімі;

2010 - 2017 жж - Шалқар аудандық ветеринария бөлімінің бастығы, Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

2017 - 2021 жж - Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

2021 – 2023 жж - Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.