
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуін жалғастыруда.
Бүгін әлеуметтік кәсіпкерлік, білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің өкілдерімен өткен басқосуда осы салалардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік беретін өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда өңірдің білім беру саласында 1400 жеке кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істеуде. Оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істейтін жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер балабақшалар, оқу орталықтары бар. Ал денсаулық сақтау саласында 700-ден астам кәсіпкерлік қызмет субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 119-ы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтер көрсетеді.

Өңір басшысы өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің өсуіне ерекше көңіл бөлінетінін алға тартты.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл бизнес емес. Саланың дамуы ең өзекті әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етеді. Біз өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға мүдделіміз және бұл үшін қажетті жағдайлар жасаймыз», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Кәсіпкерлердің балабақша салу үшін жер учаскелерін бөлу, балабақшалар мен ерекше балаларды түзету жөніндегі мамандардың тапшылығы, қосымша білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұлғайту сияқты 20-ға жуық мәселе қаралды.
Облыс әкімі барлық айтылған мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша ұсыныстар мұқият зерделенетініне сендірді.
