
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзекті мәселелерін шешу бойынша көмек сұрап келген 35-тен астам адамды қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Азаматтарды тұрғын үй беру, тұрғын үй алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелер мазалайды.
Ералы Тоғжанов барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап беріп, нақты зерделеуді талап ететін бірқатар сұрақтарды жеке бақылауына алды.
Мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың проблемаларын шешуге көмектесу туралы тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы алдын-ала жазылу арқылы, тұрақты негізде жүргізіледі.