
Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов ірі жол жобасының іске асырылу барысымен танысты.
Аудан аумағында барлығы 208 шақырым - республикалық, 241,9 шақырым - облыстық, 125,84 шақырым - аудандық маңызы бар жолдар бар.
«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар автомобиль жолы 1960-1970 жылдары пайдалануға берілген және содан бері жөнделмеген. Былтыр өңір басшысының тапсырмасымен автожолдың 259-249 және 249-239 шақырым орташа жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.
«АссанаДорСтрой» ЖШС міндеттемелерін орындауға кірісті.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АФ басшысы Айбол Данағұлдың айтуынша, жұмыстар Шалқар қаласынан басталған.
Жолдың негізі қалыңдығы 15 см қиыршық тас қоспасы мен цемент төселеді. Асфальт жабыны екіқабатты. Учаскелерді 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Биылғы жылы тағы 75 шақырым автожолға орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
2018 жылдан бастап облыстық маңызы бар «Шалқар-Бозой-Нүкіс» автожолына кезең-кезеңімен жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 95 шақырым жол жөнделді.

Өңір басшысы 95-тен 115 шақырымға дейінгі учаскені күрделі жөндеу жұмыстарын бастады, сондай-ақ Аққайтым және Байқадам ауылдарының кіреберіс жолдарына жүргізілген күрделі жөндеудің сапасын тексерді.
Сондай-ақ, Шалқар қаласындағы екі айналма жол, Жылтыр және Қауылжыр ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді. Шалқар қаласындағы 5 ауыл мен екі көшенің кірме жолдарын жөндеу жалғасуда.