Белгілі педагог Зоя Браловаға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» атағы берілді

Белгілі педагог Зоя Браловаға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» атағы берілді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов биыл 90 жасқа толатын белгілі ақтөбелік педагог Зоя Бралованың үйіне барды.

Өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан баға жетпес үлесі, қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін жарты ғасырлық өтілі бар мұғалімге алғысын білдіріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады.

Зоя Әбілғазықызы өзінің еңбек жолын 1955 жылы бастаған. Ұзақ жылдар бойы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде жұмыс істеді. Мұғалімдерге арналған кітаптар, әдістемелік құралдардың авторы. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Қазақ тілі» қоғамының негізін қалаушылардың бірі болды.

Көп жылғы мінсіз еңбегі үшін Қазақ КСР Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және басқа да наградалармен марапатталған.