Ақтөбе облысында «Ата кәсіп-ұлт мирасы» этнофестивалі өтті

Ақтөбе облысында «Ата кәсіп-ұлт мирасы» этнофестивалі өтті

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданы Жиренқопа ауылында ұйымдастырылған «Ата кәсіп-ұлт мирасы» этнофестиваліне қатысты.

Шара екінші жыл қатарынан Ұлы дала мен қазақ мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және дәріптеу мақсатында жергілікті қолөнершілер мен тауар өндірушілердің қатысуымен өткізілуде. Биыл этнофестивальге 2 мыңға жуық адам қатысты.

Өңір басшысы мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор екенін алға тартты.

«Жастардың бойына ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді сіңіру – сананы қалыптастырудың маңызды бөлігі», - деген Ералы Тоғжанов ата кәсіп мал шаруашылығын дамытуда өңірде жүзеге асырылып жатқан шаралар жайлы қысқаша баяндады.

«2021 жылдан бастап маусымның екінші жексенбісінде біздің облыста мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың мәртебесін көтеріп, оларды еңбектегі жетістіктерін көпке көрсету мақсатында «Малшылар күні» аталып өтіледі. Жалпы, елімізде, оның ішінде Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар кешені қарқынды жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде ауыл мәртебесін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, бірінші Жарлығында ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Тапсырманы орындау мақсатында өңіріміз республикада алғаш болып ауылдардағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Слетке жиналған барлық шопандарды жобаға қатысуға, ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырамын», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Фестиваль «Алтай батыр және оның заманы» атты кітап көрмесінің тұсаукесерімен ашылды. Алтай Ебескіұлы XVIII ғасырда өмір сүрген, белгілі батыр болған, жерімізді Жоңғар шапқыншылығынан қорғаған, Каспий жағалауынан Жем және Ойыл өзендерінің аңғарына дейінгі кең аумақты басып алу үшін қалмақтарға қарсы тұрған. Оның ерліктерін Әбілқайыр ханның атақты серіктері Есет пен Бөкенбай жоғары бағалаған. Өкінішке орай, Алтай батырдың өмірі мен жүріп өткен жолы жеткілікті зерттелмеген. Бұл көрме - ұлы тарихи тұлғаның еңбегін дәріптеуге қосқан үлес.

Фестиваль аясында ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрсетіліп, түрлі шеберлік сыныптары өткізілді. Оның ішінде қазақ келіндеріне арналған «Табақ жасау» дәстүрін үйрету бойынша тарту сыныптары, ер адамдар жылдамдыққа қой қырқудан  жарысты. Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, әсерлі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қобда ауданының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат ауыл шаруашылығы министрлігінің 1-дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдерімен наградталды. Олардың ішінде 20 жыл бойы Жиренқопа ауылын басқарған еңбек ардагері Бақтыбай Әліпов, өндірістің үздігі, еңбек ардагері Дастен Бөрібаев және 100 қойдан ең көп төл алған шопандар, үздік шаруа қожалықтары және байқау жеңімпаздары түрлі марапаттарға ие болды.

Шара қонақтары тігілген киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дәм татты.