«Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазина Ақтөбеге келді

«Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазина Ақтөбеге келді

Құрметті мейманды Ақтөбе әуежайынан облыс әкімі Ералы Тоғжанов күтіп алып, жылы лебізін білдірді.

Бибігүл Иманғазина мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. 1990 жылдары ол «Бибі-Ана» қайырымдылық қорын құрды. Қордың арқасында мыңдаған мүгедек отбасы  жұмысқа орналасып, жағдайын дұрыстады. 500-ден астам бала жоғары білім алды.

Қор президенті Ақтөбеде ерекше балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды тәрбиелеп отырған аналармен кездесіп, мәселелерін тыңдап, шешуге жәрдем көрсетуді жоспарлап отыр.

Бибігүл Иманғазина – «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, бірқатар шығармалар, соның ішінде «Тауқымет» романының авторы ретінде танымал.

Жазушы әрі меценаттың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбеде бірқатар іс-шаралар өтеді.