Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының 7 тұрғыны тауарлы несиеге 65 бас мал алды

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының 7 тұрғыны тауарлы несиеге 65 бас мал алды
 
Ауданның ірі шаруа қожалықтары «Ауыл аманаты» жобасының бір бағыты – тауарлы несиелеуге белсенді қатысуда.

Осылайша, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Әйтеке би ауданына жұмыс сапары барысында «Жаннұр», «Саламат», «Әппақ», «Түгел» шаруа қожалықтары тұрғындарға 65 бас ІҚМ және ұсақ малға 7 сертификат табыс етті.

«Әппақ» ШҚ қолдап, маған 20 бас ұсақ мал берілді. Енді олардың санын көбейту – менің жоспарымда. Тауарлы несие ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік. Мал бағатын тәжірибем жеткіліксіз, бірақ бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын», - деді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Жасұлан Әбілов.

Өңір басшысы Қарабұтақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаның мақсатын, оның мүмкіндіктерін, артықшылықтарын түсіндірді, сондай-ақ қарабұтақтықтардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, тауарлы несиелеу шарттарына сәйкес алынған мал төлмен қайтарылады.