2023 жылы Ырғыз ауданында екі елді мекенге газ тартылады

2023 жылы Ырғыз ауданында екі елді мекенге газ тартылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Ырғыз ауданына жұмыс сапары барысында халықпен кездесуі өтті.

Аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Есепті кезеңде аудан экономикасының негізгі салалары оң серпінді сақтап қалды, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады.

Кездесудің басым бөлігі тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

Елді мекендерді газдандыру мәселесі аудан тұрғындары үшін өзекті болып қала береді.

Қазіргі уақытта көгілдір отынмен 6 ауыл немесе жалпы халықтың 69,1% қамтамасыз етілген.

2022 жылы Құтикөл ауылының жеткізуші және ауылішілік газ құбыры салынды. Ағымдағы жылы жылыту маусымы басталғанға дейін Нұра және Аманкөл ауылдарын газдандыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жарма ауылының жеткізуші және ауылішілік газ құбырын салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.

Өңір басшысы ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде инженерлік желілермен қамтамасыз ету басымдыққа ие екенін атап өтті.

Жарма ауылының тұрғыны ауыз судың сапасына шағымданды. Облыс әкімі уәкілетті органдарға үш күн ішінде барлық қажетті зерттеулерді жүргізуді тапсырды.

Ырғыз ауданының 18 елді мекені немесе халықтың 98,1 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Ырғыз ауылының тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін биыл су мұнаралары қайта жаңартылады. 200-ден аз халқы бар үш ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады.

Сондай-ақ, кездесуде тұрғындар жаңа мектептер, жолдар салу, қой шаруашылығын дамыту мәселелерін көтерді. Тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы және т.б. жеке өтініштерімен жүгінді.

Қосымша қарауды және шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Ералы Тоғжанов ырғыздықтарды «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуға шақырып, аудан басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойды. Олардың қатарында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, жол жөндеу және құрылыс жобаларын сапалы іске асыру, елді мекендерді газдандыру, сумен үздіксіз қамтамасыз ету бар.

Өңір басшысы ауданда Жарма ауылындағы мектептің, Құрылыс ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Ырғыз ауылындағы сегіз пәтерлі үйдің құрылыстарының тоқтап қалуын ерекше атап өтті.

«Аталған объектілерді пайдалануға беру жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау қажет», - деді Ералы Тоғжанов.

Ауыл шаруашылығы нысандағы игерілмеген жерлерді қайтару бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

«Маған жерді игергісі келетін жастар жиі жүгінеді, бірақ бос жерлердің болмауына байланысты оларға рұқсат берілмейді. Игерілмеген жерлер жұмыс істегісі келетіндер арасында теңдей бөлінуі қажет», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, кездесуде Ырғыз ауылының өзекті мәселелері, оның ішінде қоқыс полигонының жұмысы, елді мекендерді мобильді байланыспен қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, жазғы кезеңде су айдындарында адамдардың суға кетуіне жол бермеу және т.б. қаралды.

Халықпен кездесуден кейін Ералы Тоғжанов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.