Жол құрылысы жобаларын іске асыру барысы облыс әкімінің қатаң бақылауында

Жол құрылысы жобаларын іске асыру барысы облыс әкімінің қатаң бақылауында

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов кезекті рет «Ақтөбе қаласын Оңтүстік айналма» жол жобасының (21,5-35,3 ш. учаскесі) іске асырылу барысын тексерді.

Өңір басшысы автожолды қайта жөндеу жұмыстарына жауапты мердігерлермен кездесті.

Айта кетейік, 2022 жылдың күзінде жолдың екі жолағы асфальтталып, көлік қозғалысы жанданды.

Сәуір айының соңында қалған екі жолаққа қатысты құжаттар дайындалып, жұмыстар басталып кетті. Мамыр айында жолдың жоғары қабатына қиыршық тас төселді.

Қазіргі уақытта ірі түйіршікті асфальт жабынын төсеу басталды.

Жұмыстар қарқынды және қысқа мерзімде аяқталады.

Сондай - ақ, облыс әкімі Хромтау қаласы мен Бөгетсай ауылы (891-844 ш. учаскесі) арасындағы «РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» халықаралық маңызы бар автожолын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Ербол-ЭЛЬ» ЖШС және «Қазақавтожол» ЖШС мердігерлік ұйымдары Бөгетсай-Дөң-Хромтау-Ақтөбе бағытындағы 891-817 шақырым учаскесінде тегістеу қабаты бойынша жұмыстар басталды.

Өңір басшысы мердігерлерге өз міндеттемелерін сапалы және белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.

Биылғы жылы өңірде тарихта болмаған рекордтық 848 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және салу жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі қазіргі 72%-дан 78%-ға дейін ұлғайтылады.