Ақтөбеде Өтеген Сейітовтің 100 жылдығына арналған спорттық іс-шаралар өтті

Ақтөбеде Өтеген Сейітовтің 100 жылдығына арналған спорттық іс-шаралар өтті

Ақтөбе қаласында Өтеген Сейітовтің 100 жылдығына орай волейбол және үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылып, Шалқар ауданында шағын футболдан турнир өтті.

Өтеген Сейітов - мемлекетіміздің тарихында өшпес із қалдырған, Қазақстан прокуратурасы органдарының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан тарихи тұлға.

Іс-шараның ашылу салтанатында Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Азамат Қостанов жарыс қатысушыларына көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Спорттық шарада облыстың құқыққорғау және арнаулы органдарының қызметкерлерінен құралған бірнеше команда бақ сынады.

Жарыс нәтижелері бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар кубок, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Прокуратура органдарының ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әсет Әділхан мен Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов жүлделі орындарды иеленген командаларды құттықтап, жарыстың барлық қатысушыларына алғыстарын білдірді.