Ералы Тоғжанов Юсуп Батырмырзаевты күміс медалімен құттықтады

Ералы Тоғжанов Юсуп Батырмырзаевты күміс медалімен құттықтады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов спортшы Юсуп Батырмырзаевты қабылдады. 

Боз кілем шебері 9-14 сәуір аралығында Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.  

Өңір басшысы чемпионатта 125 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Юсупты жеңісімен  құттықтады.  

Жарысқа 22 елден 330-дан астам спортшы қатысты. Қазақстан командасы 4 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болып, жалпы медальдік есепте бірінші орынды иеленді.  

Ақтөбелік спортшы Юсуп Батырмырзаев чемпионатта еркін күрестен үздік нәтижелерге қол жеткізді. ҚР және әлемнің көптеген спорттық жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері, Токиодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы байрақты бәсекеде 4 кездесу өткізді. Ол Үндістаннан келген балуанды, финалда өзбекстандық спортшыны жеңді. Ал ақтық сында Юсуп Моңғолиядан келген балуанға есе жіберді, 1-1 есебімен сапасы бойынша жеңілді.  

«Осындай жетістіктердің арқасында өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Өз тарапымыздан спортпен шұғылдануға жағдай жасаймыз: спорттық инфрақұрылымды дамытамыз, нысандар саламыз, дарынды балаларды қолдаймыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Мен қазір 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысуға лицензия алу үшін күресіп жатқаныңды білемін. Сізге сәттілік тілеймін», - деп атап өтті облыс әкімі.