
Ақтөбе облысының әкімі Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында «Восход ORIEL» ЖШС жерасты кенішінде болды.
«Восход ORIEL» ЖШС бас директорының м.а. Эрджан Чакмак «Восход» кен орнында тау-кен байыту кешенін салу жөніндегі инвестициялық жоба 2008 жылы іске асырылғанын мәлімдеді. Кешен құрамында шахта, байыту фабрикасы, теміржол терминалы және басқа да инфрақұрылымдық бөлімшелері бар.

2010 жылдың маусым айында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жерасты кеніші-шахта пайдалануға берілді.
Инвестиция сомасы 21 млрд теңгені құрады.
Облыс әкімі шахтаға түсіп, онда тау-кен қазбаларын қазудың жаңа әдістері пайдаланылатынына, жетекші әлемдік фирмалардың заманауи тау-кен-шахта жабдықтарын пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды өндірудің жаңа әдістері қолданылғанына көз жеткізді.
Кеннің түпкілікті шығарылуымен қабатты қиратуды игеру жүйесі механикаландыру мен адам еңбегінің деңгейін едәуір төмендетеді, жерасты тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттырады.
Өңір басшысын жұмысшылардың еңбек жағдайларына ерекше көңіл бөлді.

Қазіргі уақытта компания кәсіпорындарында 957 адам жұмыс істейді, орташа жалақы мөлшері 583 мың теңгені құрайды.
Ералы Тоғжанов өңір аумағында жұмыс істейтін компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
«Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттің қолдауына ие болған ірі компаниялардың өз міндеттемелері бар, яғни аудандардың, елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысып, тұрғындарға қажетті көмек көрсетуі тиіс. Сіздер де солардың қатарындасыз, аудан ауылдарында әлеуметтік нысандар салу мүмкіндігін қарастырыңыздар», - деп атап өтті облыс әкімі.
2022 жылы ұзындығы 15 шақырым Қызылсу ауылдық округіндегі «Восход» кен орнынан Сарысай теміржол терминалына дейінгі автожолдың күрделі құрылысы басталған, «Восход» кен орнынан Дөң ауылына дейінгі 6 шақырым автожолға жөндеу жүргізілген, Қызылсу ауылдық округінің Сарысай ауылында, сондай-ақ Хромтау қаласында футбол алаңдары салынғанын хабарлай отырып, кәсіпорын басшылығы облыс әкімінің барлық ұсыныстарын қолдауға дайын екенін жеткізді.
