Ақтөбе облысында 2023 жылы 718 мың гектарға жуық егін егу жұмыстары жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында 2023 жылы 718 мың гектарға жуық егін егу жұмыстары жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында егіс науқанына дайындалуда. Ағымдағы жылы 717,9 мың га алаңда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда: 368,3 мың га - дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 249,7 мың га - жемшөп және 88,2 мың га - майлы дақылдар, 6,2 мың га - картоп, 5,5 мың га - көкөніс-бақша дақылдары.

Егіннің негізгі үлесі немесе 76,7%-ы облыстың 4 ауданына тиесілі - Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау.

Егіске 1,6 мың трактор, 108 егіс кешені, 1,3 мың сепкіш және басқа да мамандандырылған техника жұмылдырылады деп жоспарлануда.

«Облыс бойынша 9,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, ол Ақтөбе ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіс жұмыстарына қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді. Жергілікті шаруашылықтарды қолдау мақсатында өсімдік шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге субсидия бөлінді. «Кең дала» бағдарламасы аясында «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ арқылы жұмыстарды жүргізуге жылдық 5% сыйақы мөлшерлемесімен 2 млрд.теңге кредиттік қаражат көзделген. 1,5 млрд. теңгеге өтінімдер мақұлданды. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда», - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізіп, оңтайлы мерзімде аяқтау жоспарлануда.