
Ералы Тоғжанов Рамазан айының барша мұсылмандар үшін маңыздылығын атап өтті.
«Рамазан айы - теңдессіз нығметтер айы. Бүгін барша мұсылман қауымы үшін ерекше, мың айдан қадірлі Қадір түні. Тілеген дұға-тілектер, жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта берсін!», - деп атап өтті облыс әкімі.
Облыстың бас имамы Серікжан Еншібай уағыз айтып, қазақстандықтарға амандық пен өсіп-өркендеу тіледі.
Құран оқушылар байқауының жеңімпаздарына сыйлықтар берілді. Бас жүлде иегеріне кіші қажылыққа сертификат табысталды.
Шара соңында облыс әкімі 4 аз қамтылған отбасыға баспана кілтін табыс етті. Пәтерлер Қазақстан Діни мұсылмандары басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының қаражатына сатып алынды.