Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

Өңір басшысы өзекті мәселелерді шешуде көмек сұраған 70-ке жуық адамды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. 

Азаматтарды тұрғын үй беру, жер учаскелерін бөлу, облыс орталығының тұрғын алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік жұмысы, жайылымдық жерлерді бөлу және тағы да басқа мәселелер қызықтырды.

Ералы Тоғжанов барлық өтініштерге толық жауап берді. Егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін мәселелерді облыс әкімі жеке бақылауына алды.

Мемлекеттік орган басшыларына заң аясында азаматтардың проблемаларын шешуге қолдау білдіру туралы тиісті тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.