Оқу-ағарту министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Жедел басқару орталығына барды

Оқу-ағарту министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Жедел басқару орталығына барды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жедел басқару орталығына барып, орталықтың жұмысымен, атап айтқанда, білім беру ұйымдарын «дабыл түймелерімен» және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

«Біз үшін ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіздігі. Біз оны полициямен бірге қамтамасыз етуіміз керек», - деді Ғани Бейсембаев.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жүсіпов Оқу-ағарту министріне полиция жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап жатқанын жеткізіп, мектептерде бақылау және басқару жүйесін (турникеттерді) орнатуды және мектептердегі аналогты камераларды цифрлы камераларға жаңғырту қажеттігін ұсынды.