
Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен ақтөбелік кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары қала аумағындағы қарды жинап, шығару жұмыстарына кірісті.
Ақтөбеде соңғы аптада бір жарым айлық мөлшерден көп қар жауды.
Қарды жинау және шығару жұмыстарына 11 мердігер компанияның 200-ге жуық мамандандырылған техникасы жұмылдырылды. Осы жұмысқа қосымша тартылған 60-тан астам техника екі күн ішінде белгіленген аумақтардан қар шығарып, қаланы толығымен қардан тазартады.