«Aktobe Investment-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы

«Aktobe Investment-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы

         2022 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында «Aktobe Investment-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

         Форумға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен министрлік басшылары, ұлттық компаниялар, қаржылық институттар, трансұлттық компаниялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық инвесторлар, шет елдер аймақтарының басшылары және сарапшылар шақырылды.

         Форумның мақсаты – Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетімен таныстыру, оның қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, сондай-ақ, өңірдің экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың тартылуын одан әрі ынталандыру. 

         Форум аясында Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылатын көрме ұйымдастырылады.

         Форум барысында «Ақтөбе облысының инвестициялық перспективалары», «Ақтөбе облысының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі драйверлері» тақырыптарында пленарлық отырыс, панельдік сессиялар өткізілмек.

         Ақтөбе облысының бизнесті жүргізудегі артықшылықтары, инвестицияларды салу үшін перспективалы салалар мен жобалары таныстырылады, сондай-ақ әлемдік экономиканың шынайылығында экономикалық өсуді қамтамасыз ету, түпкілікті өнімнің шетелдік нарықтарға шығару мәселелері талқыланады.

         Өтетін орны: Rixos President Astana қонақ үйі, 
Д. Қонаев көшесі, 7

         Шараның басталу уақыты: 09:00 (Астана қ. уақытымен)