Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Геолог» мәдениет үйінде орналасқан  №550 сайлау учаскесіне облыс әкімі Ералы Тоғжанов келіп, ҚР Президенттігіне кандидаттардың біріне дауыс берді.

«Сайлауға қатысу - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Ақтөбеліктер тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуіне дауыс береді деп сенемін», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі алғаш рет сайлауға қатысқан 18 жастағы дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табыстады.

Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі, оның ішінде 15 учаске мамандандырылған ұйымдарда: медициналық мекемелер, әскери бөлім, тергеу изоляторында жұмыс істейді.

Әскери бөлімде және вахталық кенттердің жанында орналасқан үш учаскеде сайлау таңғы 6-да басталды. Қалған сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7-ден бастап, сағат 20.00-де аяқтайды.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 560 819 адам енгізілген.