
Келісімде белгіленген бірнеше ауқымды жобаларды іске асыру қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттардың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. 2023-2027 жылдарға жоспарланған жобалардың құны 85 млрд теңгені құрайды.
Өз сөзінде Ералы Тоғжанов жаңа келісімнің маңыздылығына тоқталды.
«Меморандум Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған. Өйткені, еліміздегі экологиялық проблемалар Президенттің жеке бақылауында. Ақтөбе облысына сапары барысында Александр Машкевичпен біз «Қазхром» ТҰК» АҚ өндірістік қызметінің қоршаған ортаға антропогендік әсерін азайту жөнінде нақты шаралар қабылдауға келістік. Нақты мерзімдер белгіленеді. Барлық бастамалар жалпы экологиялық жағдайға оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Осылайша, компания өзіне жүктелген міндеттемелер шеңберінде мынадай іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді:
1.1. Халықаралық стандарттарға сәйкес №1 цехтың газ тазарту құрылғыларын жаңғырта отырып, қатты бөлшектердің кемінде 99%-ын тазарту арқылы шығарындыларды азайту (орындау мерзімі: 2023 жылдың 3-тоқсаны);
1.2. Халықаралық стандарттарға сәйкес №2 цехтың газ тазарту құрылғыларын жаңғырта отырып, қатты бөлшектердің кемінде 99%-ын тазарту арқылы шығарындыларды азайту (орындау мерзімі: 2023 жылдың 1-тоқсаны);
1.3. №4 балқыту цехының ферроқорытпа газын кәдеге жарату станциясын салу арқылы толық пайдалану (орындау мерзімі: 2025 жылы іске қосу);
1.4. Әзірленген жобаларға сәйкес, санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру үшін 100 000 көшет отырғызу (орындау мерзімі: 2025 жылға дейін);
1.5. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехындағы пештерді жаңғырту (орындау мерзімі: 2027 жыл);
Өңір басшысы Еуразиялық топтың алдына тағы бір зор міндет қойды.
«Қазақстанда алғаш рет ірі компания ферроқорытпа өндірісі кезінде өндірілетін кенді толық қайта өңдейтін болады. Бұл ел экономикасының өсуіне, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Меморандумның тармақтарын іске асыруға қызығушылық танытқаны үшін ERG компаниясына алғыс айтаймын. «Қазхром» біздің өңірде үлкен ықпалға ие. Өңірдегі басқа да кәсіпорындардың сіздердің осы істеріңізден үлгі алатынына күмәнім жоқ», — деген өңір басшысы «Еуразиялық топ» ЖШС басшылығымен келіссөздер нәтижелерімен бөлісті.
«Топ үшін Ақтөбе облысының әкімдігімен экологияны жақсартуға бағытталған меморандумға қол қоюымыз экологиялық таза өндіріс өндіру мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелерінің қаншалықты маңызды және өзекті екенін көрсетеді. Жалпы, бюджет 85 млрд теңгені құрайды. Келісімнің барлық тармақтарын орындау нәтижесінде Ақтөбе облысындағы кәсіпорындар қатты заттар шығарындылары бойынша үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Осы өңірден өндірісті декарбонизациялау жөніндегі стратегиямызды іске асыру басталғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта бюджеті 110 млрд теңгені құрайтын 155 мВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жүргізілуде, 2023 жылы бюджеті 50 млрд теңгені құрайтын Дөң тау-кен байыту комбинатының қалдықтарын қайта өңдеу зауытын іске қосамыз», - деді құжатқа қол қойған «Еуразиялық топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов.