Кездесу барысында өңір басшысы елімізде ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрді, оның ішінде рухани мәдениетті дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Ақтөбе облысының аумағында ресми тіркелген 9 православиелік діни бірлестік жұмыс істейді.
Өз кезегінде митрополит Александр кездесу үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, Ақтөбе епархиясының қызметі туралы хабардар етті.