Ақтөбе облысында мектеп автобустары паркін жаңарту шаралары жүргізілуде

Ақтөбе облысында мектеп автобустары паркін жаңарту шаралары жүргізілуде

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мектеп басшыларына 10 жаңа автобустың кілтін табыс етті.

«Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Біздің басты міндетіміз – жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай жасау. Осыған байланысты облыста мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оның ішінде мектеп автобустарының паркін жаңарту бойынша шаралар қабылдануда. Қазірдің өзінде 10 мектепке көлік сатып алынды, тағы 22 мектепке биылғы жылдың соңына дейін автобустар беріледі. Оның 15-і қалалық, 17-сі аудан мектептеріне беріледі», - деді Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымдарында тұратын 30 және 39 мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін облыс әкіміне алғыстарын білдірді.

Жаңа автобустар Қарағанды ​​облысындағы отандық кәсіпорында құрастырылған. Yutong маркалы 23 автобус және Golden Dragon маркалы   9 автобус «Комфорт» санатына жатады және жас жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

 Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі