Сәуір айынан бері еріктілер командасы Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен бірге Сейітов көшесі бойындағы көпірдің аумағында қарағай отырғызып келеді.
«Актобе, Дыши!» еріктілер қозғалысының еріктісі Евгений Лазарчук өңір басшысына орман шаруашылығы аумағында 20 жылдық талдар тұрғанын баяндады. Ересек ағаштарды қалалық орман шаруашылығы аумағынан арнайы көлікпен көшірген.
Ерікті: “Орман тәлімбағын ересек ағаштардан босату керек болған соң қарағайларды басқа жерге көшіріп жатырмыз. 5-шағын аудандағы көпірдің астына отырғызуды ұйғарған себебіміз - көліктің көптігіне байланысты пайдаланылған газдардың концентрациясы жоғары», - деп жеткізді.
Облыс әкімі аумақты қалалық әкімдікке абаттандыруды, көпжылғы гүлдерді отырғызып, оларды уақытылы күтіп, суарып отыруды тапсырды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі