Ақтөбе облысының әкімдігі халықты ақпараттандыру аясын кеңейту мақсатында Telegram мессенджерінде ақпараттық арна ашты.
Арнаға жазылушылар жергілікті атқарушы органдардың ресми жаңалықтары мен комментарийлерін ең бірінші болып оқи отыра, түрлі оқиғалардың анонстарынан хабардар болады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы әкімдігінің Telegram арнасынан бөлек, ресми сайты, сондай-ақ, Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінде парақшалары жұмыс жасайды.
Ақтөбе облысының күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, маңызды оқиғаларды қалт жібергіңіз келмесе арнаның тұрақты оқырманы болыңыз!