Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 11 жастағы ер балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының футболдан жеңімпаздарының марапаттау рәсіміне қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Ақтөбе» және «Қызыл-Жар» футбол командалары арасындағы матчта өтті. Матч 1:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді.
Өңір басшысы 11 жастағы ер балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған футболдан облыстық олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшыларына медальдары мен кубок табыс етті. 18 жасөспірімнен басқа олардың жаттықтырушылары Күздібаев Самат пен Тайғарин Әли де алтын медальмен марапатталды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі