Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Сейсенбі,​ 23 тамыз күні Ақтөбе​ облысының әкімі Оңдасын Оразалин​ "АMANAT" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
​Ақтөбеліктер өңір басшысына тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты жағдайдағы баспанасына күрделі жөндеу жүргізу, қаңғыбас иттерді аулау, денсаулық сақтауға қатысты және т.б.​ сұрақтары бойынша жүгінді.​
Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені​ заң аясында шешуді​ тапсырды.​
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі