18 тамыз күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауылына жұмыс сапары аясында Жаңаталап ауылына газ келуіне байланысты өткен салтанатты шараға қатысты.
"Бұл аудан үшін және жалпы Ақтөбе облысы үшін маңызды әрі айтулы оқиға. Тіпті шағын ауылдардың өзін газдандыру мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау арқасында мүмкін болды. Табиғи газдың келуімен өмір жеңілдеп, ауылдың дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Жыл соңына дейін біздің облыста тағы екі елді мекен газдандырылады", - деді облыс әкімі.
Ұзындығы 11 шақырымды құрайтын ауыл ішіне және ауылға тартатын газ құбырын салуға бюджеттен 268,1 миллион теңге бөлінді. 103 үй мен үш әлеуметтік нысанның тұрғындары табиғи газ өткізу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңаталап тұрғындарымен әңгімелескен Оңдасын Оразалин сондай-ақ, ауылдың жаңа спорт алаңын аралап көрді.
Құны 7 миллион теңге болатын осындай спорт алаңы Бегалы ауылында ауылдық округтің бюджеті есебінен салынды, онда облыс әкімі осы елді мекенге кіретін 1,7 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты. "НСКСтройБаланс" ЖШС мердігерлік ұйымы жұмысты қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қобда ауданында биыл аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд.теңге жіберілді. Бестау, Бегалы және Терісаққан ауылдарына кіретін жаңа жолдар салынып, "И.Білтабанов- Қобда-Сарыбұлақ" жолының 13,8 шақырымы жөнделеді. Жұмыс келесі жылы жалғасатын болады. Қызылжар, Жарық, Сарыбұлақ және Өтек ауылдарына кіретін жолдарды жаңарту жоспарлануда.
Басқұдық ауылында Қазақстан деп аталатын орталық көшенің жолын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жөнделетін аумақтың ұзындығы - 1,5 шақырым. Сонымен қатар, осы көшеде 2,3 шақырым жаяу жүретін жол салынып, жарық орнатылып жатыр.
Облыс әкімі жұмысты жаңа оқу жылының басына қарай аяқтауды тапсырды.
"Балалар таза жаяу жолмен жүретін болсын",- деді Оңдасын Оразалин.
Жарсай және Талдысай ауылдық округтерінде облыс әкімі "Қобда-Жер" және "Көк-Бухта" шаруа қожалықтарына барды.Біріншісі қазір дәнді дақылдарды жинаумен айналысады, құрамында 1500 бас бар
Біріншісі қазір дәнді дақылдарды жинаумен айналысып жатыр және 1500 бас қой ұстайды, сонымен қатар, 1500 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр.
Шаруашылық басшысы Есет Әбішев биылғы жылы жемшөп дайындауға және бұрын арнайы техника сатып алуға алынған мемлекеттік субсидиялардың үлкен көмек болғанын мойындайды. Сондай-ақ, биыл "Кең дала" мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаруашылық көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтырды.
Сонымен қатар, "Көк-Бухта" ШҚ экологиялық таза қарбыз, жүгері, қызанақ, баклажан, қияр және кәді өсіреді.Егістіктерде тамшылатып суару әдісі қолданылады.
"Биылғы егін өте жақсы. Тек қарбыздың өдін 600 тоннаға жуық жинаймыз", - деді шаруашылық басшысы Бекмұрат Шабаров.
"Аграрлық сектор өте маңызды. Өңірде
мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығының қалай дамып жатқанын көру қуантады. Жалпы, Қобда ауданы қарқынды дамып келеді. Қазіргі қарқынға қолдау көрсетіп, жергілікті тұрғындардың өтініштері мен тілектерін ескере отыра ауданның одан әрі өркендеуін қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті сапар соңында облыс әкімі.
Өңір басшысы жұмыс бабымен барған соңғы нысан Әлия ауылының ауылдық әкімдігінің жаңа ғимаратын қарап шықты.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі