Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған үлкен оңалту орталығы мен Студенттер үйі салынуда

Ақтөбеде мүгедек жандарға арналған үлкен оңалту орталығы мен Студенттер үйі салынуда
Облыс әкімі Ақтөбедегі екі маңызды әлеуметтік нысан - мүгедек жандарға арналған үлкен оңалту орталығы мен Студенттер үйінің құрылысымен ​ танысып шықты.
150 орындық оңалту орталығы Есет батыр тұрғын үй алабында тұрғызылуда. Бірнеше ғимараттан тұратын үлкен кешеннің құрылысы жарын аяқталмақ. Жобаның жалпы құны құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алынатын жабдықтарды қосқанда 6,4 млрд. теңгені құрайды. Орталықта мүгедектерді сапалы оңалту үшін барлық жағдай жасалмақ, яғни заманауи жабдықтар, бассейн және т.б. болады.
Нысанды салатын бас мердігер - «Интерстиль» ЖШС компаниясының өкілдері қазіргі таңда жұмыс жоспар бойынша жүріп жатқанын жеткізді. Айта кетейік, «Интерстиль» ЖШС сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуда.
Облыс әкімі бұл нысандардың әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.
«Нысандар өте маңызды және бекітілген мерзімде салынуы керек. Жабдықтардың сатып алынуын алдын ала қарастырыңыздар, қымбаттап жатыр, соңына дейін жүріп алмаңыздар. Біз мұқтаж жандарға қолайлы жағдай жасауымыз қажет, әсіресе мүгедектігі барларға. Жалпы, мемлекет қаржыны бөліп жатыр, құрылыс қарқыны жаман емес. Келесі жылы оңалту орталығы да, дене шынықтыру-сауықтыру кешені де пайдалануға берілуі тиіс»,- деді Оңдасын Оразалин. ​
Кейін өңір басшысы «Эрудит» студенттер үйінің құрылыс алаңында болып қайтты. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы қолдау тапты. Жалпы құны - 1,2 млрд. теңге. Студенттер үйі сегіз қабаттан тұратын болады. Мұнда жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 студенті орналасады. «Эрудит» ЖШС директоры Сәуле Нұрбергенованың сөзінше тұру құны айына 30 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге студенттерге тегін таңғы және кешкі ас беріліп, шаш қию мен кір жууу да ақысыз болады, сонымен қатар, стомотологияға 50 пайыз жеңілдік бар.
Облыс әкімі Студенттер үйі аумағында қауіпсізджік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі