Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаланың ескі бөлігінде жүріп жатқан жол жөндеу және салу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда «Нұрлы жол – 7» ЖШС мердігер мекемесі Ахтанов, Жазғы, Герцен көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аумақта жатқан Интернациональная және Шернияз көшелерінің автокөлік жолдарын орташа жөндеп жатыр. ЖШС басшысының орынбасары Ұлан Жақсыбаев жұмыс жоспар бойынша жүріп жатқанын, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде проблема жоқ екенін жеткізді. Мердігерлер аталған жерлердегі жөндеу жұмыстары бір ай ішінде аяқталатынына уәде берді. Жобада асфальт-бетон жабындысын екі қабаттап төсеу, бүйір тастарды орнату және автотұрақ ты орналастыру қарастырылған. ​
Қаланың ескі бөлігіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары соңғы 2-3 жыл бойы жүргізіліп келеді. Сонымен бірге, жолдары бірнеше он жылдықта жаңармаған және көшелерінде ешқашан асфальт ​ болмаған аудандар да бар. ​ Сондай аудандардың бірі – Мәскеу ауданы. Биыл көрсетілген аудандағы Московская, Станционная, Локомотивная, Жұмабаев, Чехов, Разин көшелері күрделі жөнделеді. Бұл көшелерде асфальт төсеуден бөлек инженерлік желілерді қайта орнату, жаяужолдарды орнатып, көшені жарықтандыру қарастырылған.
Облыс әкімі қала басшылығына әр жобаның жүзеге асырылуы мен құрылыс барысын ерекше бақылауда ұстауды. Сонымен қатар, қаланың жаңа тұрғын үй алабына қатысты жолдарды салу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі