
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "Рика ТВ" телеарнасында болып, ұжымды арнаның 30 жылдығымен және БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады. Кездесуге сондай-ақ, "Рика" медиа-холдингінің құрамына кіретін "Эврика" газеті мен "Ақтөбе радио" радиостансасының ұжымы да қатысты. Өңір басшысы оларға шығармашылық ұзақ ғұмыр мен одан әрі өркендеуін тіледі. Аталмыш БАҚ-тың 18 қызметкеріне облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттары табыс етілді.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі