Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарын (комиссиялар) қысқарту жөніндегі ақпарат

Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарын (комиссиялар)  қысқарту жөніндегі ақпарат

Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімінің жанындағы кеңесші органдардың саны қысқартылды Осы жылдың сәуір айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Іс-шаралардың бірі - Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (ККО) санын екі есеге қысқарту. Осы тапсырма шеңберінде Ақтөбе облысының әкімдігі ККО мен комиссияларға талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша оларды оңтайландыру және қысқарту туралы шешім қабылданды.

Осылайша, қолданыстағы 64 ККО-ның 36-сы жойылып, 28-і жұмысын жалғастырады. Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (комиссиялардың) тізбесі