Ерхат Есқалиев: Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілердің бірі болып табылады

Ерхат Есқалиев: Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілердің бірі болып табылады
3 маусым күні Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жұмыс бабымен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов, «СК-Фармация» ЖШС-нің медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Николай Палинка қатысты.
Тараптар өңірдегі медициналық техника өндірісін дамыту сұрақтарын ​ талқылады. Белгілі болғандай, «СК-Фармация» Ақтөбе қаласында медициналық техниканы дамыту және осы бағыттағы әзірлемелерді қолдау кластерін құру бастамасын көтеріп отыр. Ерхат Есқалиев Ақтөбе облысы қазірдің өзінде еліміздегі ең ірі медициналық техника өндірушілердің бірі екенін, облыс фармацевтикалық логистиканы одан әрі дамыту үшін де қолайлы орналасқанын атап өтті.
Өңірге жұмыс сапары аясында «СК-Фармация» өкілдері сондай-ақ, дәрілерді есепке алу жүйесімен танысу үшін медициналық ұйымдарға, «Ақтөбе рентген» зауытына және медициналық техника инженерлерін даярлау сұрақтарын талқылау үшін жоғары оқу орындарына барады.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі