Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу

Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

 

24 мамырда сағат 09.00-де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин Ақтөбе қаласының мамандандырылған ХҚКО-да (мекенжайы: Батыс-2 шағын ауданы, 21б үй) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар, сағат 11.00 де «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығының (Мекен жайы: Мәңгілік ел көшесі 1А) ғимаратында облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді. 

 Министрдің жеке қабылдауына, кездесуге алдын-ала 8747 570 60 43 (WhatsApp) нөмірі арқылы жазыла аласыз.

Сондай-ақ азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша өтініштерін moap@mdai.gov.kz  электрондық поштасына немесе WhatsApp  8747 570 60 43 жібере аласыз.

Министрлік қызметінің бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.