Ақтөбе облысында бизнестің проблемалары талқыланды

Ақтөбе облысында бизнестің проблемалары талқыланды
12 мамыр, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл
Рустам Жүрсіновпен жұмыс бабымен кездесті.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Ақтөбе
облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова қатысты.
Ақтөбе өңіріндегі бизнес субъектілерінің проблемалық сұрақтары
талқыланды. Олардың қатарында жер мәселелері, құрылыс материалдарының
қымбаттауына байланысты құрылыс нысандарының құнын түзету қажеттігі
және т.б. сұрақтары бар.
Кездесуде айтылған сұрақтардың барлығы, сонымен қататр, олардың шешімі
бақылауға алынды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі