
Құрметті ақтөбеліктер!
Баршаңызды достығымыз бен татулығымызды, бейбітшілігіміз бен мызғымас тұрақтылығымызды білдіретін мереке – 1 Мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалар, ең алдымен, мемлекеттің тұтастығын қалыптастырып, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтауды көздеді.
Қазір біздің бірлігі жарасқан еңселі ел, зайырлы мемлекет екендігіміз дүниежүзінің баршасына аян. Қазақстан бүгінде достық пен бірліктің мекені.
Мемлекет басшысы «Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін» - деген болатын.
Бәріміздің де арман-аңсарымыз – берекелі де баянды, тату-тәтті өмір сүру, жақын туыстарымыздың, ел-жұрттың аман болуы, жас өскіннің бақытты да бейбіт күлкісінің бұзылмауы.
Қаймағы бұзылмаған алтын бесік – Ақтөбе өңірінде жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір қаншама ұлыстың өкілдері бір ананың баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл - жұртымыздың айнымас достығының үзілмес дәнекері.
Қазіргі күнге дейін өңіріміздің өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуында, қол жеткен табыстарымызда әрбір ақтөбеліктің қосқан зор үлесі бар.
Осынау мақсат-мүдделердің ойдағыдай жүзеге асуы, ең алдымен, әрбіріміздің қажырлы да қайратты еңбегімізге, өзара түсіністік пен ынтымаққа, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылыққа, ұлтаралық және ұлт ішіндегі парасаттылыққа тікелей байланысты.
Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
Мерейлі мереке қарсаңында отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, молшылық, бақ-береке, сәттілік тілеймін!
Ақтөбе облысының әкімі
Оңдасын Оразалин