Облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

21 сәуірде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес төрағасы Тәттігүл Талаеваның айтуынша, кеңес мүшелері облыстағы 12 ауданда болып, 87 нысанды аралады.
"Бізге құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты жиі сұрақтар қойылды. Бағаның өсуіне байланысты бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталмау қаупі бар", - деді Т.Талаева.
Басқа да бірқатар мәселе қаралды.
Облыс әкімі уәкілетті мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелердің себептерін анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеп, орындауды тапсырды.
"Әр мәселе бойынша нақты жұмыс қажет. Қоғамдық кеңес мүшелерінен белсенділік танытуды, халықпен жиі кездесуді, түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде әлеуметтік желілерде жүргізуді сұраймын.  Облыстық Қоғамдық кеңестің қоғам мен билік арасындағы өзара іс - қимылды қаншалықты тиімді ететіні тек сіздерге ғана байланысты", - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі