
Ағымдағы жылы Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесі төрайымы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы, Қоғамдық кеңесі мүшесі Тәшкенбай Сұлтанбек Ануарбекұлы, бір топ Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттары, Ақтөбе облыстық жер басқармасы, Ақтөбе облысы тұрғын үй коммуналдық және энергетика шаруашылығы және Қобда ауданының әкімшілігі қызметкерлері қосылған комиссия құрамында Қобда ауданының бірқатар нысандарын аралап көрді. Алдын ала құрылған жоспарымыз бойынша жасалуға керекті бірақ қазір жүзеге аспай жатқан немесе сапасы дұрыс жасалмаған нысандардан бастады. Алғашқы тоқтаған жері Жаңаталап ауылы Кеңес үкіметінің батыры Пятковский атындағы көше болды. Көше ұзындығы 1,5 шақырым. Осы ауыл құрылғалы жоғарғы қабаты төсем жасалмаған. Көшенің ерекшелігі Жаңаталап ауылының кіре берісінен басталып шығысына дейін созылып орналасқан. Ауылдың барлық әлеуметтік, өндірістік және тұрғын үй нысандарының көпшілігі осы көше бойына орналасқан. Ауылдың кіре берісіде Қобда-Мәртөк облыстық қараудағы автожолға жалғанады, асфальтты төсенішпен жабылған. Екінші шыға берісі Жаңаталап-Терісаққан аудан қарауындағы автожолмен жалғанған, асфальт төсеніші жасалуда. Ортасында 1,5 шақырым Пятковский көшесі асфальт төсеніші қаралмай, жөндеу жұмыстарына ілікпей қалып қойған. Талқылай келе алқалы топ көшенің күрделі жөндеуге жатқызу қажеттігі бар деп шешті. Қобдадан Жаңаталап, Терісаққан және Жарсай ауылдарына дейін тікелей асфальт төсенішті автожол болмақ. Терісаққан ауылында құрлысы басталған Орта мектепті қарады. Құрылыс қарқыны баяу. Құрылыс орнында жұмысшы бригадасы бар. Биылғы оқу жылына үлгертіп тапсыруы екіталай. Шешім - Ақтөбе облыстық құрлыс басқармасы құрлыс барысын жітті қадағалауға алуы шарт және нысанға қажетті "Лотос" зауыты селикат қышын уақтылы жіберіп тұруы бақылауда болуы керек. Жарсай ауылында орналасқан мектепте болды. Мектеп 1962 жылы салынған. Ғимараттың жағдайына талап-шағым жоқ. Мектеп салынғаннан бері спорт залы немесе спорт алаңы қарастырылмаған. Денешынықтыру сабағы теория түрінде сынып бөлмелерінде өткізіледі. Мектепке және ауыл жастарына арналып, мектеп ауласынан спорт залы салыну керек. Шешім - Жарсай ауылына орналасқан мектепке спорт залын салуды бюджетке қосу қажеттілігі бар. Қобда ауылына орналасқан спорт кешенін, мектеп-гимназияны, қарсы беттегі кафе ғимаратын және сол кафеге жақын орналасқан 3-4 үйді биыл су басу қаупі жоғары болған. Осы жағдай жылда қайталанатыны айтылды. Осы нысандарды судан қорғауға арналған ескі бөгет болған. Уақыт өте келе бөгет тозғандығы көрінеді. Шешім - жоғарыдағы ғимараттарды көктемгі-күзгі судан қорғау үшін көрсетілген сызба бойынша бөгет тұрғызылуы қажет. Бөгет бойында Шымкент-Самара тас жолы астынан су өткізеті көпір және Қобда өзеніне құярлықта су ағынын реттегіш гидроқұрылғы қарастырылуы талап етілді. "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк" облыстық қараудағы автожолының "Қобда-Соль Илецк" бөлігінде күрделі жөндеу кезінде Бас мердігер жіберген қателіктерден қалпына келтіретін 10-15 шақырымдай жол бөлігі бар. Ақтөбе облыстық жол басқармасы осы жол бөлігін қалпына келтіруді жуық арада жөндеуді бас мердігердің бастауын қадағалауы шарт. Қызылжар ауылына орналасқан мектеп күй-жайыменен таныстық. Мектеп ғимараты үлкен көлемді керамзит- бетонды қалқандардан 1978 жылы тұрғызылған. Мектеп басшылығының айтуынша ғимарат қыста өте салқын. Терезелерін ауыстырып, төбесін профлді темір жабындысыменен жапқанменен жылу сақтауы нашар. Қазандықтар тозған. Аудан және мектеп басшылығыменен ақылдаса келе мектеп ғимаратының жылу жүйесі мен қазандықтарына жөдеу жұмыстары қажеттігін Облыстық оқу департаменті алдында мәселе қылып көтеру қажеттілігі бар деп ұйғарылды. Қоғамдық кеңес мүшелері Қобда ауданының халқына және аудан әкімдігіне жұмыстарына сәттілік тіледі.