
15 сәуір күні, Ақтөбе Облыстық мәслихат депутаттары және Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері Балпеисова С.А., Дауылбаева Б.Е. және Ахметов К.Н. жұмыс сапарымен Ойыл ауданында болып, ауыл-аймақ сұраныстарын тыңдап, танысып қайтты.
Ақтөбе қаласынан 280 шақырымдағы Ш.Берсиев ауылдық округінің Қаратал ауылына жол тартты. Ш.Берсиев ауылдық клубында тұрғындармен кездесу өткізілді. Ойыл-Қаратал көтерме жолы қаралды.
25 шақырымдағы Ойыл селосына жол жүріп, аудандық аурухана жұмысымен танысты.
36 шақырымдағы Көптоғай ауылдық округі әкімдігі ғимаратының жай-күйімен таныстырылды. Халық қалаулылары Көптоғай ауылдық клубының жұмысымен және Құрман дәрігерлік амбулаториясының жай-күйімен танысты. Халықпен кездесіп, ұсыныстарын тындап, үлкен шаралар өткізілді.