Ақтөбеліктер Түркістанға ән арнады

Ақтөбеліктер Түркістанға ән арнады

Түркістанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бес жылдығына орай 14 сәуірде бастау алған Ақтөбе облысының мәдени күндері жалғасуда.
Бүгін, 15 сәуір күні Түркістанның музыкалық драма театрында Ақтөбе драма театрының  "Ер Едіге" спектаклінің көрсетілімі болды. Спектакль Алтын Орданың 750 жылдығына орай қойылған. Бұл - қазақ тарихындағы жарқын әскери жетекшілердің бірін дәріптейтін алғашқы театрлық қойылым. Сценарий авторы - белгілі жазушы Светқали Нұржан.
Этно-фольклорлық тарихи драма Едігенің батырлығы мен қазақ тарихының жарқын кезеңдері туралы баяндайды. Спектакльде сондай-ақ, Алтын Орданың соңғы, мызғымас әміршісі Әмір Темір мен Едіге батырдың қарым-қатынасы туралы да айтылады.
Сондай-ақ, бұл күні ”Farab” кітапханасында әр түрлі көрмелер өтіп, ақтөбелік ақындар мен жазушылар оқырмандармен кездесті, сонымен қатар, облыстық планетарийдің сандық толық күмбезді бағдарламасы ұйымдастырылды. Кітапхана ғимаратының алдында ашық аспан астында облыстық "Алақай" қуыршақ театрының "Жадыра, жайна достар" спектаклі қойылды.
Мәдениет күндері Түркістан конгресс-холлында өтетін өңірдің танымал суретшілері туындыларының көрмесімен және "Сәлем, Түркістан!" атты гала-концертімен аяқталды.
Ақтөбенің өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдары, оның ішінде Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 200-ге жуық әртісі, түркістандық көрерменге үздік концерттік нөмірлерін ұсынды. Қазақ халық аспаптар оркестрі, камералық хор және басқа да шығармашылық ұжымдар классикалық және дәстүрлі әндерді, күйлерді орындады.
Түркістандықтар үшін композитор Б. Оралұлының ақын А. Асылбековтың өлеңіне жазылған қасиетті Түркістан жеріне арналған "Түркістан маршы" атты әні ерекше сый болды. Бұл кеште композиция алғаш рет үлкен сахнадан шырқалды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі