Түркістанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бес жылдығына орай Ақтөбе облысының мәдени күндері өтіп жатыр.
15 сәуірде Түркістанның экобазарында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды.
Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан жиырмадан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін әкелді. Түркістанның қонақтары мен тұрғындары күнбағыс майын, ет, ұн, шұжық, кондитерлік, макарон және сүт өнімдерін, консервілер, жұмыртқа, тәтті газдалған сусындарды нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.
Ақтөбе өңірінен жалпы көлемі 15 тоннадан астам тауар әкелінді.
Ақтөбе облысының күндері аясында түркістандықтар өңірдің мәдени мұрасымен де танысуда.
Атап айтқанда, 14 сәуірден бастап көрмелер, қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкелері, шеберлік класстар, театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар өтуде.